“Жаңа Қазақстанның сапалы білімі” тақырыбында ғылыми семинар өткізді.
26.09.2023 ж. “ Тұрақты дамудың 4 мақсаты аясында кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының з.ғ.к., Б.Қалымбек, PhD доктор Р. Ережепқызы 3 және 4 курс студенттерімен ғылыми семинар өткізді.
Семинардың мақсаты Мемлекет басшысы Қ-Ж.К.Тоқаевтың жолдауында көзделген білім беру саласындағы мәселелерді талқылау болды. “Білім- адамның мүмкіндіктерін кеңейтетін негізгі құқығы. Білім әділеттік пен әлеуметтік бірлікке қол жеткізудің маңызды факторлары болып табылатын діндік, тілдік, мәдени әртүрлілікке және мәдениетаралық байланысқа деген сыйластықты қалыптастастырады.
Сондай-ақ іс-шараға з.ғ.к. К.Ж. Куандыков, з.ғ.к. Жугралина Б.М., з.ғ.к. Калиева Г.С. қатысып, өз ойларымен бөлісті. Семинар барысында ұстаздардың мәртебесін көтеру және білікті мамандар даярлаудың қажеттілігі айшықталды.
Қорыта келе айтатын болсақ, қазіргі Жаңа Қазақстанда білім саласына аса ерекше көңіл бөлінуде. Сапалы білім — мемлекеттің болашағының кепілі. Сондықтан білім берудің дамуы- үлкен ұлттық мәні бар міндет.