2022 жылғы және алдыңғы жылдардағы шығарылған факультет докторанттарымен кездесу

26 қыркүйек, 2023

14.09.2023 ж. география және табиғатты пайдалану факультетінде деканның 2022 жылғы, алдыңғы жылдардағы шығарылған факультет докторанттарымен және ғылыми кеңесшілермен кездесуі өтті. Бұл кездесу ТДМ 4 – сапалы білім беру міндеттерін көрсететін PhD-докторанттарды даярлаудың тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. География және табиғатты пайдалану факультетінің деканы А. С. Ақтымбаева докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысының рәсімімен және қорғауға шығу бойынша талаптардың сақталуымен таныстырды. Кездесу барысында ғылыми семинарлардан өтудің, докторанттарды алдын ала қорғау мен қорғаудың алдын ала жоспар-кестесі жасалды.