Педагогика және психология пәндері бойынша республикалық студенттер олимпиадасының ІІ кезеңі өтеді

13 наурыз, 2015

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және этникалық педагогика кафедрасының 75- жылдығына орай Философия және саясаттану факультетінде 2015 жылдың 26-27 наурызында педагогика және психология пәндері бойынша республикалық студенттер олимпиадасының ІІ кезеңі өтеді.

Олимпиаданың мақсаты: студенттердің психологиялық-педагогикалық циклдегі пәндер бойынша дайындық сапасын анықтау; білім беру жүйесін жетілдіруге кәсіби белсенділік танытуына, интеллектуалдық әлеуеттерінің қалыптасуына ықпал ету; кәсіби-педагогикалық және шығармашылық әлеуеттерінің, дарындылықтарының ашылуына жағдай жасау; дарынды және барынша талантты студенттерді таңдау және қолдау көрсету.

Қатысуға сұраныс беру (1 қосымша ) 2015 жылдың 15 наурызына дейін E-mail: sarah-991@inbox.ru электронды тасымалдауышқа жіберілуі керек.

Олимпиада туралы ақпарат.docx