әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінде Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Масаёси Камохараның «Елші сағаты» өтті.
Масаёси елші «Қазақстан мен Жапония арасындағы өзара ынтымақтастық қарым-қатынастың қазіргі ахуалы және даму перспективасы» деген тақырыпта дәріс оқыды. Іс-шараға университеттің бірінші проректоры М.М.Бүркітбаев, шығыстану факультетінің деканы Б.Н. Жұбатова, Цукуба университетінен келген студенттер мен оқытушылар, шығыстану факультетінің студенттері мен оқытушылар қауымы қатысты.
Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024