2023 жылдың 17 қыркүйегінде заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы Тұрысбек Р.Б. қазақстандықтардың ең көрікті демалыс орындарының бірі – Көлсай көліне саяхат ұйымдастырды. Кафедраның эдвайзерлік топтарының 1-3курс студенттерінің 50-ге жуығы еліміздің інжу-маржаны болып саналатын, табиғаттың таңғажайып туындысын тамашалауға барды.
Саяхат барысында студенттер қаланың күйбең тірлігінен алшақтап, таза ауамен тыныстап, спорттық және музыкалық іс-шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік алды: ән айтты, би биледі, түрлі ойындар ойнады, көптеген жағымды эмоциялар алды. Бұл танымдық іс-шара студенттерге туған табиғаттың сұлулығының жаңа қырларын ашып, елін танудағы ой-өрісін кеңейтті.
Біздің мақсатымыз – жан-жақты білімді, экологиялық сауатты, отан сүйгіш жас ұрпақ тәрбиелеу. Саяхат барысында - студенттердің топпен жұмыс істеу қабілетін арттыру, қоршаған ортада жаңа өмірлік дағдыларды меңгеру, экологиялық мәдениетке, табиғатты құрметтеуге тәрбиелеу сынды саяхаттың негізгі мақсаттары орындалды деп ойлаймыз.
Іс-шара «МТД 3. Жақсы денсаулық және әл - ауқат» бағдарламасы аясында өтті.