Үндістандағы біліктілікті арттыру шарасы

28 қыркүйек, 2023

Үндістанның мәдени байланыстар кеңесінің ұйымдастыруымен әрі қар­жыландыруымен Үндістанның Вардха қаласындағы М.Ганди халықаралық хин­ди университетінде өткен шетелдердегі хинди тілі оқытушыларының біліктілікті арттыру тренингі өтті. 

Тренингке 22 елден 34 оқытушы жиналды. Қазақстан атынан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің хинди тілі оқытушысы, PhD док­тор Бота Бокулева қатысты. Курс барысында тіл теориясы, аударма мәселелері, хинди тілін оқыту әдістемелері, Үн­діс­танның философиясы, әде­биеті, үнді мәде­ниеті, Үндіс­тан­ның оқу жүйесі туралы дә­рістер тыңдалды. Дәрістерді Алла­ха­бад университетінің, Варанаси хинду универ­си­тетінің, М.Ганди халықаралық хинди университетінің про­фес­сорлары оқыды.

Оқудан тыс күндері әлем­дік мәде­ниет­тің ошағы бол­ған Ад­жанта және Элора үң­гір­­ле­ріне саяхат ұйым­дас­ты­рыл­ды. Курс­қа қатысушылар уни­в­ер­­ситет аясында ұйым­­дас­ты­рылған Тәу­ел­­сіздік кү­ніне ар­налған шараға қа­тысып, кейін Рамтек, Се­ва­грам атты жер­гілікті мә­дени орындарға сая­хат жа­сады.

Одан кейін өткен материал­дар ая­сында емтихан тапсы­рып, қатысушылар сертификат алды. Тренингтің жабылу сал­та­натына университет рек­торы, проректорлар және ICCR директоры Тукин Кумар мырза қатысты. ICCR директоры Ту­кин Кумар оқытушылармен же­ке отырыс өткізіп, әр елдегі хин­ди тілінің оқытылуына бай­ла­нысты мәсе­ле­лерді сұрап, шешуге тырысатынын айтты. Оқытушылар үшін осындай ерекше курсқа қатысуға мүм­кіндік берген Қазақстандағы Үндістан елшілігі мен Свами Вивекананда атындағы мә­дени орталықтың директоры Санджай Веди мырзаға алғыс білдіреміз.

Дариға КӨКЕЕВА,

шығыстану факультетінің оқытушысы