Вебинарда ауқымды тақырып қамтылды

28 қыркүйек, 2023

География және табиғатты пай­­да­лану факультетінің Метео­роло­гия және гидро­ло­гия ка­­фе­дра­сын­да еліміздегі ма­ңыз­ды та­қы­рыптардың біріне орай, «Қазақстандағы климаттың өз­­­геруіне және оның салдарына қарсы күрес жөніндегі ағымдағы және жоспарланатын шаралар» та­қырыбында тұрақты даму мақсаттары бойынша вебинар өтті.

 

Метеорология және гидрология ка­фе­драсы ұйымдастырған веби­нар­­дың негізгі мақсаты климаттың өз­геру мәселесіне, оның сал­да­ры­мен күресуге жоспарланатын ша­ралар туралы ауқымды тақы­рып­тарды қамтыды. Кли­маттың өзгеруі адам өмірінің көптеген ас­пектілеріне ықтимал әсерін ескерсек, бүгінде бұл – дамудың маңызды мә­се­ле­лерінің бірі.

Осы орайда, спикер, ҚазҰУ докто­ран­ты Зуфар Тоқпаев «Қазақ­стан­дағы климаттың өзгеруіне және оның сал­да­рына қарсы күрес жө­ніндегі ағымдағы және жос­пар­ланатын шара­лар» тақы­ры­бында өз жұмысын ұсынды. Онда климаттың өзгеруінің алдын алуда Қазақстан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвен­ция­сының, оған Киото хаттамасының және 2021 жыл­дан бастап Киото хаттамасын алмастыратын Париж келісімін ұста­на­тынын, парникті газдардың таста­лым­дарын азайту үшін қабылданған ша­ралар, сонымен қатар дамыған энер­­гетика, ауыл шаруашылығы, көлік­тер­д­ен шығарылатын қал­дық­тарды азай­туға арналған шаралар мен жос­парланған іс-әрекеттер ту­ралы жан-жақты айтып өтті.

Вебинарға қатысушылар да өз­де­рін мазалаған сұрақтарға жауап алып, конференция соңы пікір­та­ласқа ұласты.

Вебинарды аяқтай отырып, Ме­теорология және гидрология кафе­драсы меңгерушісінің ғылыми-инно­ва­циялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, гео­графия ғылымының кандидаты Ай­ман Нысанбаева Қазақстандағы кли­маттың өзгеруі мен оның сал­да­рына қар­сы күрес жұмыстарының маңыз­ды­лығын атап өтіп, дәрісті қоры­тындылады.

Айкерім КЕРІМҚҰЛ,

Метеорология және

гидрология кафедрасының

оқытушысы