БҰҰ-ның ТДМ (ЦУР) аясында “Лайықты жұмыс және экономикалық өсу” тақырыбына ғылыми семинарар өткізілді

28 қыркүйек, 2023

28 қыркүйек 2023 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасымен БҰҰ-ның ТДМ (ЦУР) аясында “Лайықты жұмыс және экономикалық өсу” тақырыбына ғылыми семинар өткізілді. Семинарға кафедра оқытушылары, студенттер мен магистранттар қатысты. Семинар барысында қатысушылар тұрақты дамудың тұғырнамасымен, оның Қазақстанның экономикалық дамуының көптеген көрсеткіштеріне тиімді әсерімен жан-жақты танысты. Мемлекет басшысы БҰҰ Саммитінде атап өткендей Қазақстан үшін ТДМ ұлттық басымдылық болып табылады. Осыған орай, ТДМ жүзеге асыру барысында университеттердің негізгі стратегиялық мақсаттарының бірі алдағы ұзақ мерзімді болашақта студенттердің ауқымды бөлігін еліміздің тұрақты экономикалық өрлеуіне тарту, барлығын лайықты жұмыспен қамту болып табылады.