ҚазҰУ Times Higher Education World University Rankings - 2024 рейтингінде көрсеткіштерін жақсартты

29 қыркүйек, 2023

Жуырда Higher Education рейтингтік агенттігінің сайтында Times Higher Education World University Rankings – 2024 Халықаралық университеттер рейтингінің нәтижелері жарияланды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 1201-1500 позициясын иеленді. Өткен жылмен салыстырғанда университет «Зерттеу ортасы», «Зерттеу сапасы», «Халықаралық ынтымақтастық» индикаторлары бойынша көп балл жинақтады. Бұл санаттарға әлем бойынша университеттің ғылыми зерттеудегі беделі бағаланатын ғылыми жарияланымдар саны, әлемдегі үздік дәйексөз басылымдары және басқа да көрсеткіштер кіреді.

Times Higher Education World University Rankings рейтингінде университеттің ғылыми көрсеткіштері бойынша плазма физикасы, жоғары молекулалық қосылыстар химиясы, математикалық және компьютерлік модельдеу, биотехнология, молекулалық биология және генетика, қоғамдық денсаулық сақтау, тарих және археология, психология және басқа да ғылыми мектептерді дамыту арқылы университеттің жоғары зерттеу әлеуетін көрсетеді. Осы бағыттарда ғылыми әлеует пен ресурстарға назар аудара отырып, ҚазҰУ ғылыми зерттеулер нәтижелерінің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуге, технологиялар трансферті мен коммерцияландыруға және даму бағдарламасының – әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне трансформациялау мақсатын орындауға бағытталған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі