Кибералаяқтықтан қорғау: алдын алу шаралары
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы, сондай-ақ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы «Тұран» университетімен және ҚР ІІМ М. Есболатов ат. Алматы Академиясымен бірлесіп, 29 қыркүйек 2023 жылы №16 «Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар» тұрақты даму саласындағы мақсаты шеңберінде «Кибералаяқтықтан қорғау: алдын алу шаралары» мәселелері бойынша республикалық вебинар өткізді.
Модераторлар: Рима Еренатқызы Жансараева – қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі, з.ғ. д., профессор; Мұрат Өскембайұлы Досанов – з.ғ.к., аға оқытушы.
Спикерлер: Қуаныш Аратұлы – PhD докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қауымдастырылған профессоры; Гүлназ Тұрсынқызы Алаева – з.ғ.к., «Тұран» университетінің құқықтану және халықаралық құқық кафедрасының профессоры, Кубанова Нургүль Байтоковна – полиция майоры, ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының докторанты.
Қатысқандар: ПОҚ, докторанттар, магистранттар және студенттер.