«Кибералаяқтықтан қорғау: алдын алу шаралары» мәселелері бойынша республикалық вебинар

29 қыркүйек, 2023

Әл-Фараби университетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы, сондай-ақ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы Тұран университетімен және ҚР ІІМ М. Есболатов ат. алматы Академиясымен бірлесіп, 29 қыркүйек 2023 жылы №16 «Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар» тұрақты даму саласындағы мақсаты шеңберінде «Кибералаяқтықтан қорғау: алдын алу шаралары» мәселелері бойынша республикалық вебинар өткізді. Модераторлар: Рима Еренатқызы Жансараева – қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі, з.ғ. д., профессор; Мұрат Өскембайұлы Досанов – з.ғ.к., аға оқытушы. Спикерлер: Қуаныш Аратұлы – PhD докторы, әл-Фараби университетінің қауымдастырылған профессоры; Гүлназ Тұрсынқызы Алаева – з.ғ.к., «Тұран» университетінің құқықтану және халықаралық құқық кафедрасының профессоры, Кубанова Нургүль Байтоковна – полиция майоры, ҚР ІІМ М. Есболатов атын. Алматы академиясының докторанты. Қатысқандар: ПОҚ, докторанттар, магистранттар және студенттер.