- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық бағдарламалары» тақырыбына дөңгелек стол
«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық бағдарламалары» тақырыбына дөңгелек стол
Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор С.Ж. Сүлейменованың қатысуымен 2023 жылдың 29 қыркүйегінде «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық бағдарламалары» 4 SDG: Инклюзивті және тең сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығына өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін ілгерілету аясында дөңгелек үстел өтті. Сүлейменова С.Ж. атап өтті: «Білім алу адамдардың өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудың негізін қалайды және кедейліктен шығу жолын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Соңғы онжылдықта білімге қолжетімділікті кеңейтуде айтарлықтай қадамдар жасалды».
ERASMUS PLUS бағдарламасы туралы з.ғ.к., доцент Нурахметова Г.Г.
Эразмус Плюс – білім беру жүйесін, жастар саясаты мен спортты жаңғырту мен дамытуға бағытталған Еуропалық Одақтың бағдарламасы. Ол Еуропа елдері арасында да, дүние жүзіндегі серіктес елдер арасында да барлық осы салаларда ынтымақтастық үшін қаржылық мүмкіндіктер береді.
PhD докторы Асанова С.Е. MEVLANA алмасу бағдарламасы туралы айтып, Мевлана алмасу бағдарламасына қатысу талаптарын айтты.
Студенттер үшін (бакалаврлар, магистранттар, докторанттар):
• Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатының көшірмесі (болмаған жағдайда жеке куәлігінің көшірмесі);
• Бұрын Мевлана алмасу бағдарламасына қатыспаған;
• Ағылшын немесе түрік тілдерін жақсы білу (шет тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат);
• Орташа GPA: бакалавр студенттері – 4,0-ден кемінде 2,5; Магистранттар мен докторанттар – 4,0-ден кемінде 3,00;