"Стресске төзімділікті арттыруға арналған кеңестер"

26 қыркүйек, 2023

Филология факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы оқытушылары мен «Шетел филологиясы», «Аударма ісі» мамандығы студенттері «ТДМ 3. Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және адамдардың әл-ауқатына ықпал ету» тұрақты даму жобасы аясында «Стресске төзімділікті арттыруға арналған кеңестер» атты ашық кураторлық сағатын өткізді. Студенттерінің стресске төзімділігін бейімдеуге арналған психологиялық қолдау жұмыстары, түрлі тренинг ойындары жүргізілді. Салауатты өмір салтын ұстану және кез келген жастағы кез келген адамның әл-ауқатына ықпал ету тұрақты дамудың маңызды компоненттері болып табылады.

 

Ұйымдастырушылар:   Азимбаева И.К., Байелі А.Ж.

Өткен жері:  17 студенттер үйі

Күні мен уақыты: 26  қыркүйек 2023 ж., сағ.18:30