«Көкжиектегі»"ПАРАСАТҚА ТАҒЗЫМ" әдеби кеш

27 қыркүйек, 2023

2023  жылы 27 қыркүйек күні көрнекті қаламгерлер  М.Әуезов, Ш.Мұртаза, О.Бөкейдің туған күндеріне қатысты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетіндегі "Көкжиек" ғылыми- шығармашылық клубы "Парасатқа тағзым" атты әдеби-сазды кеш өткізді.

Аталмыш іс-шара Қазақстандағы тұрақты даму мақсаттарының төртінші «Сапалы білім» мақсатына сәйкес ұйымдастырылды.

 Әдеби-сазды кеш "Көкжиек" клубының жетекшісі Ләйла Жұматайқызы Мұсалының кіріспе сөзімен басталды. Кеш "Қолданбалы тіл білімі"  мамандығының 1-курс студенті Көпбосынов Нұрдәулет күмбірлеген күйімен ашып берді. Кешті 3 курс студенттері Мендеш Айнұр мен Есентай Құралай тізгіндеді.

Кешке  Қазақстан жазушылар одағының мүшелері Өскенбай Құлатайұлы, Тікебаева Бүбішхан Қанапияқызы қатысты. Кеш қонақтары өздерінің тағылымды ойларымен бөлісіп, студенттерге ыстық лебіздерін жолдады. Қаламгерлердің өмірі мен шығармашылығынан 3-курс студенттері Жанарек Қарақат, Зеберхан Арайлым, Есекеш Айназ  дайындаған баяндамаларын оқыды. Жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер қойылды. Журналистика факультетінің 1 курс студенті Алпысбай Айгерім  мен филология факультетінің 3  курс студенттері Алтынбекқызы Дәметкен, Нәрікбай Нұркен  қаламгерлердің шығармашылығынан монолог оқып,  өнерлерін паш етті. "Поэзия минуты" айдары бойынша  "Қолданбалы тіл білімі" мамандығының 1 курс студенті Рахимова Роза өз арнасын оқып, өлеңімен сусындатты.

Көкжиегімізді кеңейту мақсатында ұйымдастырылған бұл шара студенттер үшін тағылымы мол кеш болды.