ҚазҰУ ұстаздары «Заманауи әдіс-тәсілдер арқылы оқыту» атты оқытушылардың біліктілігін арттыру курсында тәжірибе алмасты

22 қыркүйек, 2023

Қыркүйек айының 21-22 күндері Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын жүзеге асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында «Заманауи әдіс-тәсілдер арқылы оқыту» атты оқытушылардың біліктілігін арттыру курсын өтті. Аталмыш курсқа Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушылары қатысып біліктіліктерін арттырды. А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы PhD доктор Аккузова Айнур Абдыжалиловна баяндама оқып тәжірибе алмасты. Біліктілікті арттыру курсында «Сөйлеу қызметін деңгейлік оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері (тыңдалым лексика-грамматика бөліктері негізінде)», «Оқылым, жазылым, айтылым: базалық негіздері мен құрылымы» тақырыптарында баяндама жасады. Баяндамада бес деңгей бойынша оқытудың тиімділігі сақталатын ережелер және тыңдалым, лексика-грамматика, оқылым, жазылым, айтылым бөліктерін ұтқыр оқытудың әдіс-тәсілдері жайлы айтты. Сөз соңында біліктілікті арттырушы оқытушылардан көптеген сұрақтар алып оқытушы-жаттықтырушылар сұрақ-жауап негізінде тәжірибе алмасты. Ұйымдастырушы алқасы біліктілікті арттыруға келген оқытушыларға сертификат табыстаса оқытушы-жаттықтырушыларды алғыс хатпен марапаттады.

Біліктілікті арттыру курсы ұлт ұстазы әдіскер ғалым А.Байтұрсынұлының «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ.
Олақтықтың белгісі бір ғана әдісті болу шеберліктің болуы  түрлі әдісті болу керек орнында жоқ әдісті табу да қолынан келу» деген ой-түйінімен бір қорытындыға келді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

А.Байтұрсынұлы атындағы ҚТБ кафедрасы

аға оқытушы, PhD доктор А.А.Аккузова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

А.Байтұрсынұлы атындағы ҚТБ кафедра

меңгерушісінің оқу және тәрбие ісі бойынша

орынбасары Жузбаева А.С.