29-шы Қыркүйекте, ҚазҰУ-дың Бейіндік мектебінде, алда келе жатқан ұстаздар мерекесіне орай оқушылар арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды.

29 қыркүйек, 2023

29-шы Қыркүйекте, ҚазҰУ-дың Бейіндік мектебінде, алда келе жатқан ұстаздар мерекесіне орай оқушылар арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыс мини футбол алаңында өтті. Жарысқа 8,9,10,11 сыныптың оқушылары мен ұстаздар құрамасы қатысты. Жарысқа қатысушылар белсенді өнер көрсетті. Тартысты ойынның бас жүлдесін, яғни кубокты «Real» атымен шыққан 10-сынып оқушыларының құрама командасы иеленді. 2-ші орынды 9 сынып оқушыларынан іріктелген «Қайрат» командасы иеленсе, 3-орынды «Атырау» командасы мен 11-сынып оқушылары өзара бөлісті. Жарыс арасында қонақ ретінде қатысқан «Ұстаздар» командасы оқушылардан іріктелген құрама команданы 2:1 есебімен жеңді. Ойын тартысты да қызықты өтті. Жанкүйерлер де дән риза. Марапаттау рәсімінде кубокты мектеп директоры Камшат Ауғажықызының өзі табыстап, оқушыларға өз тарапынан ризашылығын білдірді.