Халықаралық қарттар күні құтты болсын!
Құрметті университетіміздің ардагерлері,
аға буын оқытушы-ғалымдар!
Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымыз қашанда үлкенді қадір тұтып, сый-құрмет көрсетіп, төріне шығарған.
Қара шаңырақ университетімізде ардагер оқытушы-ғалымдарымыздың үлкен дәстүрлі мектебі қалыптасқан.
Бүгінде ҚазҰУ-дың Ақсақалдар кеңесі мен Түлектер қауымдастығы көшбасшы білім ордасының дамуына елеулі үлес қосып келеді.
Қазыналы қарттарымыз – ұлтымыздың даналығы мен дәстүрін сақтап, кейінгі толқын жастарға үлгі-өнеге көрсетуде.
Бұл – ежелден келе жатқан «Жас жүрген жер – мереке, қарт жүрген жер – береке» деген айнымас қағиданың айқын көрінісі.
Сіздер, жаңа, әділетті Қазақстанның қалыптасып, өркендеуі жолында жастарға жол көрсетіп, көш бастап келесіздер.
Шәкірттеріңіз оқуда, ғылымда, еңбекте өз ісінің білікті маманы болып, биік белестерді бағындырсын.
Мазмұнды ғылыми еңбектер жазып, ізбасар мамандарды тәрбиелеп, өзіндік мектеп қалыптастырған данагөй зиялыларымыздың еңбегін қашанда жоғары бағалаймыз.
Терең білімі мен өмірлік тәжірибелерін қоғам игілігіне арнаған ардагер ұстаз-ғалымдарымыз – береке-бірліктің, ұлағатты тәрбиенің берік темірқазығы.
«Қарты бар үйдің – қазынасы бар».
Әр күндеріңіз жақсылық, қуанышқа толсын.
Отбасы, жақындарыңыздың, әріптестеріңіз бен шәкірттеріңіздің алғысына бөленіп, мәртебелеріңіз арта берсін.
Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, шаңырақтарыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Құрметпен,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ