ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

1 қазан, 2023
  • Жансейіт Түймебаев Жапонияға жұмыс сапармен барып, бірқатар кездесулер өткізіп және  Цукуба университетінің 50 жылдық мерейтойына қатысты. 
  • Ректор Цукуба университеті Директорлар кеңесінің отырысына қатысып, баяндама жасады. 
  • Оқу ордасының басшысы Цукуба университетінің президенті Нагата Кёсукемен кездесу өткізіп, серіктестікті арттыру бойынша пікір алмасты. 
  • Жансейіт Қансейітұлы София университетінің президенті, профессор Терумичи Есиакимен кездесті. Тараптар ғылыми-зерттеу жұмыстары және академиялық ұтқырлық бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
  • Сондай-ақ ҚазҰУ басшысы Токио шет тілдер университетінің президенті Хаяси Каекомен жүздесті.
  • Жапониядағы жұмыс сапары аясында Жансейіт Түймебаев Франциядағы Гренобль – Альпі университетінің президенті Яссин Лакнешпен кездесіп, ынтымақтастық туралы  келісімге қол қойды.
  • ҚазҰУ ректоры университет ардагерлерін, аға буын аға оқытушы-ғалымдарды 1 қазан - Халықаралық қарттар күнімен құттықтады.