ҚазҰУ ректоры Корея Республикасы Жоғарғы сотының судьясымен кездесті

2 қазан, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Корея Республикасы Жоғарғы сотының судьясы Мин Ю-Сукпен және Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің директоры Ким Эн Силмен кездесті.

Кездесуде университет басшысы Жансейіт Түймебаев құрметті меймандарға ҚазҰУ Корея жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән беретініне назар аударды. Сонымен қатар ректор қонақтарға оқу ордасының жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы ақпарат бере отырып, ғылыми инфрақұрылымымен таныстырды.

Жүздесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, серіктестікті одан әрі нығайтуға өзара мүдделі екенін растады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі