Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Корея Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Мин Ю Сук және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің директоры Ким Эн Силь жұмыс сапарымен келді.

3 қазан, 2023

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Корея Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Мин Ю Сук және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің директоры Ким Эн Силь жұмыс сапарымен келді. Қонақтарды заң факультетінің деканы Д. Л. Байдельдинов, қылмыстық құқық және қылмыстық процесс, криминалистика кафедрасының меңгерушісі Р. Е. Жансараева, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі К. Р. Усеинова қарсы алды.
Шетелдік қонақтар ахуалдық басқару орталығына, мұражайға, заң факультетінің кафедраларына барды.
Заң факультетінің деканы Д. Л. Байдельдинов Қазақстанның жоғары заң білімі және факультеттің ел үшін жоғары білікті заң кадрларын даярлауға қосқан үлесі туралы, Кафедра меңгерушілері Р.Е. Жансараева мен К. Р. Усеинова өз кафедраларының ғылыми және білім беру жетістіктері, корей жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық перспективалары туралы айтып берді. Өз кезегінде Корея Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Мин Ю Сук соттағы жұмыс туралы айтты. Студенттер Кореяның сот жүйесі туралы білуге ерекше қызығушылық танытты. Сондай-ақ, кездесуде Кореяда докторанттар мен магистранттардың тағылымдамадан өту, студенттермен алмасу мәселелері талқыланды.
Іс-шара соңында Корея Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің директоры басшылыққа жылы қабылдағаны үшін алғыс білдірді.