Elsevier Орталық Азия және Әзірбайжан бойынша кеңесшісімен кездесу

2 қазан, 2023

02 қазан күні сағат 11:00-де физика-техникалық факультетінің 330 аудиториясында докторанттар мен ПОҚ үшін Elsevier Орталық Азия және Әзірбайжан бойынша консультанты Қожамқұл Рабиганың қатысуымен келесі тақырыптар бойынша семинар өтті:
1) Scopus және SciVal көмегімен мақаланың көрінуін арттыру үшін зерттеу саласындағы өзекті тақырыпты қалай таңдауға болады
2) ТДМ зерттеулерін іздеуге арналған Scopus және SciVal құралдары
3) Әдеби шолу жазуға арналған Scopus және ScienceDirect құралдары
4) Жариялау үшін журналды іздеу
5) Зерттеу тақырыбы бойынша шетелдік басшыларды іздеудің құралдары мен әдістері