- Басты бет
- Жаңалықтар
- Алматы қаласында Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру жарысы – кезекті он екінші Алматы марафоны
Алматы қаласында Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру жарысы – кезекті он екінші Алматы марафоны
2023 жылдың 1 қазанында Алматы қаласында Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру жарысы – кезекті он екінші Алматы марафоны өтті. Осы орайда, ЮНЕСКО және Тиімді даму мақсатының «Салауатты өмір салты және салауаттылық» атты 3-тармағын жүзеге асыру аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу, криминалистика кафедраның профессор-оқытушылар құрамы белсенділік танытып, марафонға қатысқан болатын.
Мақсаты: Егемен еліміздің болашағы – жастар. Осыған орай, жастарға қоғамда болып жатқан жат, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытқан, адамгершілік құндылықтарды бағалай білген жанның келешегі кемел, өмірі мәнді болатынын түсіндіру. Жастарға дүниенің қызығы мен тамаша сәттерін көріп, керемет әсерде қалдыру!