БҰҰ Бас Ассамблеясы агенттігі 2015 жылы қабылдаған «2030 Тұрақты дамудың мақсаттарына қол жеткізуге айқындалған ЮНЕСКО бағдарламалары» аясында Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан, «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасы аясында 2010 жылы ашылған «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайына 2023 жылдың қыркүйек айының 29 жұлдызында ТМД 3, тұрақты даму мақсатының үшінші бағыты «Салауатты өмір салты және салауаттылық» аясында, «6В12301 - Құқық қорғау қызметі», «6В04205 - Құқықтану» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушы 1 және 3 курс студенттері мен қафедра профессор оқытушы құрамы: Темірболат Н.С., Шарипова А.Б., Избасова А.Б., Даубасова С.Ш. Тұрысбек Р.Б. барып қайтқан болатын.
Мақсаты: «Алтын адам» экспонатымен танысып, көру арқылы ұлттық құндылықтарымыздың тарихы өте тереңнен екенін түсініп, зерттеп, зерделеп, әрі қарай жерімізде өзге де көптеген тарихымыздан сыр шертетін, қазақтың ұлттық болмысы мен мәдениетін, тұрмыс-салты мен өнеркәсібін паш ететін көптеген экспонаттардың бар екенін, оны зерттеп, өзгелерге мақтаныш етіп, елін, жерін, салт-дәстүрін сүйетін ұлттық санасы биік рухани жастарды қалыптастыру.