«Менің алғашқы марафоным»

3 қазан, 2023

01 қазан 2023 жыл  ЮНЕСКО және Тиімді даму мақсатының «Салауатты өмір салты және салауаттылық» атты 3-тармағын жүзеге асыру аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу, криминалистика кафедрасының «6В12301 - Құқық қорғау қызметі», «6В04205 - Құқықтану» білім беру бағдарламалары бойынша 1, 2, 3 және 4 курс білім алушылардың қатысуымен қафедра профессор оқытушы құрамының ұйымдастырумен «Менің алғашқы марафоным» атты жүгіру және жаяу жүру жарысы Іле Алатауының Есік шатқалындағы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының оңтүстік батысындағы Есік көлінің тас жолында өтті.  

Марафонның мақсаты: әрбір білім алушылардың денсаулығын нығайтып, күш-жігерін арттыру. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мақсаты - балалар мен жастардың жас ерекшеліктеріне, құндылық бағдарларына және имандылық – еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру.

Жастар — біздің болашағымыз. Ал бізге болашағымыздың айбындылығы мен жарқындылығы қажет. Келешегінен үміт күткізіп отырған бүгінгі жастар  - ертеңгі қоғам иелері!