Академиялық ұтқырлық саясаты бойынша Цукуба университетінде білім алу

3 қазан, 2023

Медицина және денсаулық сақтау факультетінің 6В10107 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4-ші курс студенттері Ахметолдинова Назыкеш Қанатқызы, Медеубай Мөлдір Ержанқызы Жапонияның Цукуба университетінің «School of Humanities and Culture» мектебінде 2023 жылдың 1-ші наурызынан 31-ші тамызға дейін академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында барлығы 6 ай білім алды. Мөлдір мен Назыкеш “Қоғамдық денсаулық сақтау” саласындағы білімдерін кеңейтті, шетелдік жоғары оқу орнында білім алды және Жапония мәдениетімен танысты.

Сонымен қатар, шілденің 5-і күні Цукуба университетінде оқитын студенттерге Қазақстанды таныстырған. Таныстыру кезінде: ұлттық тағамдар әзірлеп, "Қыз Ұзату" рәсімін көрсеткен. "Асық ату", "Арқан тарту" сияқты ұлттық ойындарды көрсетіп, "Қара жорға" биін билеп, домбыра да тартқан. Осы іс- шара арқылы студенттеріміз қазақ халқының бай салт-дәстүрін, көрсетіп қана қоймай, қонақжай халық екенін дәріптеген.