“Ошақтардағы дала жұмыстары бойынша төтенше жағдайларға жедел әрекет ету топтары” тақырыбында өткен CDC тренингінен ақпарат

3 қазан, 2023

Қазақстандағы орнықты даму мақсаттарын (3-ші мақсат «Жақсы денсаулық және әл-ауқат»,  4-ші мақсат "Сапалы білім беру") іске асыру үшін 2 қазан күні сағат 12.00-де Медицина және денсаулық сақтау факультетінің Эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының мәжіліс залында  “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығы бойынша білім алып жатқан 4 курс студенттері Байсынов Нұрлан мен Нұрдаулетов Мадияр 11-15 қыркүйек аралығында CDC ұйымдастыруымен өткізген “Ошақтардағы дала жұмыстары бойынша төтенше жағдайларға жедел әрекет ету топтары” тақырыбында тренингке қатысқан материалдарымен және жаңа дағдыларымен  2-4 курс студенттерімен бөлісті. CDC өткізген тренингке Денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы министрліктерінің Ұлттық деңгейдегі мамандары қатысқан.

Мадияр «Жедел әрекет ету топтары» туралы презентация көрсетіп, құнды ақпараттармен бөлісті, студенттермен сұрақ-жауап өткізді. Нұрлан басында CDC туралы қысқаша ақпарат беріп, сосын жеке қорғаныс құралдарын киюдегі техникалық қауіпсіздік жайлы айтып өтті. «Жеке қорғаныс құралдары мен қол гигиенасы» тақырыбында төменгі курс студенттеріне практикалық дағдыларды айтып, оларды кию ережелерімен таныстырды және  ЖҚҚ қалай дұрыс кию керектігін көрсетті.

Мадияр мен Нұрлан бөліскен ақпарат барлық студенттер үшін өте қызықты және пайдалы болды.