Таза су

29 қыркүйек, 2023

Қыркүйек айының 29-да «Шет тілі: екі шет тілі»  мамандығының 1-курс, 1-топ студенттері куратор Қоңырбекова Толқын Ордабекқызымен бірге  ҚазҰУ кампусында іс-шара ұйымдастырды. ТДМ бағыттарының бірі «Таза су» тақырыбы аясында студенттерге тәтті, газдалған сусындардың зияндылығы туралы ескертіліп, таза су таратылды. Тәтті сулардың құрамында қант мөлшерінің көп болуы түрлі қатерлі ауруларға әкеп соқтырады. «Ауырып ем іздегенше, ауырматйтын жол ізде» демекші өз денсаулығымыз өзімізге байланысты.   Топ студенттері салауатты өмір салтын ұстанып, таза суды тұтынуды насихаттады.