- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТМД (4-мақсат:Сапалы білім) шеңберінде “Сапалы білім-жарқын болашақ кепілі” тақырыбында вебинар
ТМД (4-мақсат:Сапалы білім) шеңберінде “Сапалы білім-жарқын болашақ кепілі” тақырыбында вебинар
Бүгін, 03 қазан 2023 жылы, Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы БҰҰ ТМД (4-мақсат:Сапалы білім) шеңберінде “Сапалы білім-жарқын болашақ кепілі” тақырыбында вебинар өткізді. Вебинардың мақсаты: сапалы білімнің маңыздылығын ұғыну. Модераторлар: әл- Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығының кафедрасының доценті, з.ғ.к., Гулия Бокешқызы Мұқалдиева.
Вебинар спикерлері: Жанділдаева Л.Ғ., Жанабай Бексұлтан., Әлім Фариза сөз сөйлеп, дайындаған материалдарын көрсетті. Сапалы білімнің қазіргі таңдағы маңыздылығы мәселесін көртерді. Топ студенттері белсенді қатыса отырып, өз пікірлерін еркін жеткізді. Вебинарда: Топ студенттерінің білімін тексеру мақсатында түрлі бағытта сұрақтар қойылды.Қорыта келе, біз білімді және бәсекеге қабілетті қазақстандық ұлтты қалыптастыруға ерекше мән беруіміз керек. Өйткені білімді және бүгінгі заман талабына толық жауап беретін кәсіби білікті ұрпақ қана Қазақстанның дамуына зор үлес қоса алады. Вебинар қатысушыларына үлкен алғыс айтамыз.