ҚазҰУ-дың болашақта дамуы талқыланды
ҚазҰУ-да ҚР Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіповтің төрағалығымен университеттің Бақылау кеңесі өтті.
Кеңесте ҚазҰУ-дың 2014 жылғы жоспарының орындалу барысына қатысты мәселелер, ағымдағы жылдың жобаларының дамуы келісіліп, Бақылау кеңесінің кеңеюі және оның хатшысының бекітілуі қаралды.
Кеңес құрамы жаңа мүшелерімен толықты. Олар: ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.А. Мусинов, Алматы көпсалалы техника-экономикалық колледж президенті Т.П. Маймақов, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ профессоры Е.М. Шайхутдинов, Қазақстан Ұлттық кәспкерлер палатасының басқарма басшысының кеңесшісі Т.К. Назханов.
Кеңесте Бақылау кеңесінің мүшелері ҚазҰУ-дың 2014 жылдағы қызметі туралы ректор Ғалым Мұтанов жасаған есепті және университеттің дамуы жөнінде осы жылға жасалған барлық ұсыныстары қолдау тапты. Сондай-ақ, бір ауыздан кеңес хатшысы болып заң ғылымдарының кандидаты, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті А.К. Жаңғабұлов тағайындалды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі