ЖАҚСЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛ-АУХАТ “СПОРТ МАРАФОНЫ”

1 қазан, 2023

ТДМ 3. Жақсы денсаулық және әл-ахуат.
Өткізілген шараның атауы: Жақсы денсаулық және әл-аухат “спорт марафоны”.

Жауапты тұлға: т.ғ.к., доцент Мухажанова Т.Н. Мамандығы: “7М01601-Тарих” Шараның мақсаты: Жақсы денсаулық және әл-аухат марафоны арқылы магистранттардың салауатты өмір салтын ұстануға, спорттық шараларға қатысуға, қоғамдық іс-шараларға белсене ат салысу.

Өткен орны: Республика алаңы, Сәтбаев көшесі Уақыты мен күні: 07:00. 01.10.2023ж. 

Қатысушылар: Салыбек Дінмухамед Қайратұлы, Кәрім Оралбек Сәрсенбайұлы.

Шара туралы: Бұл марафон Алматы қаласында жыл сайын өтетін спорттық шара болып табылады. Марафонға жиналған қаражаттың басым бөлігі қайырымдылыққа жұмсалады. Магистранттар спорттық шараға қатысу барысында Салыбек Дінмухамед жүлделі орынмен марапатталды. Алматы марафоны салауатты өмір салтын ғана насихаттап қоймай, сонымен бірге қоғамды әлеуметтік жауапкершілікке үндеуге және әр адамға қайырымды іске үлес қосуға мүмкіндік бере отырып, маңызды қоғамдық қызметтердің бірін атқарады. Ол Орталық Азиядағы ең ауқымды спорттық шара болып саналады. «Алматы марафоны»  «Бірінші болуға батылдық» корпоративтік қоры өзінің басты мақсаты ұлтты сауықтыруға атсалысу деп атайды. Оны жүзеге асыруда салауатты өмір салтын насихаттайтын бұқаралық спорт іс-шараларын өткізу маңызды. Қор ең жоғары халықаралық стандарттарға сай адамдарды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға қызықтырады. Корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде қор мүмкіндігі шектеулі және даму ерекшеліктері бар балалардың белсенді өмір сүруге және физикалық жағынан дамуына көмектеседі. Осыған орай марафоннан түскен қаражат қажетті спорттық инфрақұрылым қалыптастыруға және қажетті медициналық көмек көрсетуге бағытталады.