Дені сау адам - дені сау ұлт

4 қазан, 2023

Қазақстан Республикасы жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының Үшінші тұрақты даму мақсаты аясында бүгін тарих факультетінде "Археология" мамандығының 2 курс студенттері "Дені сау адам - дені сау ұлт" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 
Дөңгелек үстел барысында ежелгі спорт түрлері, футбол мен грек-рим күресінің даму және танымал болу тарихы қарастырылды. Сондай-ақ, жастардың спортқа деген құштарлығы мәселелері талқыланды.