Ақсүйек in the City

6 қазан, 2023

1.10.2023 ж. Жоғары Студенттер Кеңесінің ұйымдастырылуымен “Ақсүйек in the City” спорттық-интеллектуалдық сайысы өтті. Байқау 1-курс студенттеріне ҚазҰУ қалашығын таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Жарысқа 12 факультет қатысып, 91 қатысушы өз факультетінің намысын қорғады. Сайыстың нәтижесі бойынша қатысушылар арасынан ең тапқыр студенттер анықталды. Сайыста көрермендер мен қолдаушылар үшін арнайы концерттік бағдарлама өтіп, барлық факультеттің Студенттік Кеңес ұйымдары өнер көрсетті. Қызыққа толы тартысты жарысымызда: I орынды- физика техникалық факультетінің сері жігіттері иеленді.