- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Қоғамдық қатынастарды цифрландыру жағдайында баланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету"
"Қоғамдық қатынастарды цифрландыру жағдайында баланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету"
06.10.2023 сағат 12:00 де "Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар" № 16 ТДМ тұрақты даму саласындағы мақсаты шеңберінде қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасында "Қоғамдық қатынастарды цифрландыру жағдайында баланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету" атты Вебинар өтті. Модераторлар: Рима Еренатқызы Джансараева - қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор; Нұрайша Серікқалиқызы Темірболат – з.ғ.к., аға оқытушы. Спикерлер: Гүльназ Турсуновна Алаева - з.ғ.к., "Тұран" университетінің құқықтану және халықаралық құқық кафедрасының профессоры, Умбетова Айнур Адилбергеновна - полиция майоры, ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының аға оқытушысы, Асан Аружан - криминалистикалық сараптама мамандығы бойынша қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының магистранты. Қатысушылар: мамандар, ПОҚ, докторанттар, магистранттар және т.б. Ұйымдастырушы – Қуаныш Аратұлы.