Денсаулық - зор байлық

20 қыркүйек, 2023

20.09.2023 жылы Шет тілі: екі шет тілі мамандығының (колледжден кейінгі)  1 курс студенттері арасында “Денсаулық - зор байлық” атты кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағат барысында әр студент өзінің денсаулық күтімі жайлы бірнеше ақпараттармен бөлісе отырып, яғни фитнес, волейбол, т.б. секілді физикалық спорт түрлерімен жиі айналысатынын атап өтті. “Дені саудың - жаны сау” деп айтқандай, деніміздің сау болуы біздің көңіл күйімізгеде өз әсерін тигізеді. Өз кезегінде жан саулығымыз бізді түрлі негатив білдіретін істерден алыстата отырып, стресске төзімділікті, жағымды эмоциялармен қамтамасыз етеді.

Сонымен деніміздің саулығы біздің өміріміздің барлық аспектілеріне әсер етеді - физикалық, эмоционалды, тіпті қаржылық. Денсаулыққа қамқорлық жасау біздің міндетіміз екенін студенттерге айта отырып, қолда бар алтынның қадірін білу керектігін түрте кеттік. Тек сау денеде және ақыл-ойда біз өмірден ләззат алып, мақсаттарымызға жете аламыз.

https://www.instagram.com/reel/CyC-JBptKoo/?igshid=NzZhOTFlYzFmZQ==