Тұрақты даму мақсаттары 3. "Туберкулездың алдын алу. Нашақорлық."

2 қазан, 2023

02.10.2023 күні Ақпараттық технологиялар факультетінде арнайы маман Лукьянчикова Е.-нің қатысуымен студенттерге дәріс өткізілді. Дәрістің мақсаты - туберкулездің алдын алу, сақтану шараларын жасау, ал осы ауруға шалдыққан жағдайда онымен күресу шараларына кірісуді студенттерге егжей-тегжейлі түсіндіру.

Сондай-ақ, қазіргі қоғамда толассыз белең алып жатқан нашақорлықтан сақтануды, нашақорлықтың адам өмірі мен денсаулығына қаншалықты үлкен зиян әкелетінін түсіндіру. Дәріс өте жоғары деңгейде өтті деп есептейміз, себебі студенттерге аса құнды, өмірлеріне аса қажет ақпараттар берілді.