ТДМ 12 «Жауапты тұтыну және өндіріс»

5 қазан, 2023

Тұрақты дамудың 12 «Жауапты тұтыну және өндіріс» мақсатын жүзеге асыру үшін жылуфизика және техникалық физика кафедрасы макулатураны жинауға және оны қайта өңдеуге жіберуге арналған 15 эко жәшіктерді факультеттің барлық кафедраларына, деканатқа және №1 студенттер үйіне тапсырды.

Қоршаған ортаны қорғауға көбірек көңіл бөлуді парызымыз деп санаймыз. Біз барлығын ағаштарды кесуден сақтауға және макулатураны қайта өңделетін материал ретінде қайта өңдеуге, оны полигонға жіберуден сақтауға шақырамыз.

Қабылданады: ақ және түсті қағаздар, кітаптар, газеттер, журналдар, қағаз пакеттер, ашық хаттар, қағаз конверттер.

Майлы және лас қағазды, тетрапакеттерді, түбіртектерді, степлер мен қағаз қыстырғыштарды, пергамент, калька, ламинатталған қағазды тапсыра алмайсыз.