"Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі
Қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешіметтің айтуынша, тараптар мамандарды әзірлеуде «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Президент қойған міндеттер мен 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасының Судьяларының VI-съезі мен сот білімі стратегиясын бірігіп іске асыруға уағдаласты.
Өзара келісімге Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов қол қойды. Сондай-ақ, іс-шараға университеттің проректорлары, факультет декандары мен заң факультетінің заң кафедрасының меңгерушілері және көрнекті заңгер ғалымдар қатысты. Қалалық соттың төрағасы Ақжан Ештай өз кезегінде бұл құжатқа қол қою студенттерді оқытуда маңызды қадам болып табылатындығын атап өтті.
«Сот қызметкерлерінің арасынан судьяларды іріктеу бағытындағы қалыптасқан оң үрдістер сот қызметкерлерін кәсіби дайындауға және тұлғаларға қойылған талаптарды арттыруға әкеліп отыр. Осыған орай, бұл құжатқа қол қою студенттерді дайындауға маңызды қадам болып табылады. Студенттердің оқу және өндірістік практикасын өтуінен бастап, біз сот жүйесінің болашақ мамандарын анықтауға және оларды тікелей өз мамандығына адал рухта, оқытуға және тәрбиелеуге, олардың дайындық деңгейлерін арттыруға мүмкіндік береді», - деді А.Ештай.
Ал рәсім соңында ректор Ғалым Мұтанов Алматы қалалық сотының судьялар корпусына ҚР жас кадрларын даярлаудағы қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.