ҚазҰУ ғалымдары Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конферецияға қатысты
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Алтай мемлекеттік университетінде (РФ, Барнауыл қ.) өткен «Қазақ хандығына – 550 жыл: тарихи сабақтар мен қазіргі заман» атты ғылыми-тәжірибелік халықаралық конференцияға қатысты.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Қазақстан мен Ресей Фередациясының жетекші ЖОО-лары қатысты. Ғалымдар қазақ мемлекетінің тарихы, әлеуметтік-саяси және мәдени қатынастардың ерекшеліктері, ұлтаралық келісімнің нығаю мәселелері, екі елдің халықаралық әріптестігінің артуы және т.б. мәселелер талқыланды.
«Бұл конференция біз үшін ерекше, себебі ол Қазақ хандығының және қазақ мемлекеттігінің 550-жылдығын тойлау қарсаңында өтіп жатыр. Қазақстандық және ресейлік интелегенцияны байланыстартын терең тарихи тамыр экономикалық, ғылыми, мәдени және рухани байланыстарға ұласты. Ресей мен Қазақстан арасындағы диалог екі көшбасшы ел деңгейінде ғана емес, білім берудегі, өндіріс пен ғылымның әртүрлі интеграциялы ұйымдастан формалары деңгейінде де жүзеге асуда», - деді өз сөзінде ҚазҰУ профессоры Евгений Ан.
Халықаралық конференцияда «Қазақ хандығы: территорияның, әлеуметтік-саяси институттар мен мәдениеттің қалыптасуы», «Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру кезеңіндегі өзекті мәселелері (XVIII – ХХ ғ.ғ. басы)», «Жаңа кезеңдегі Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық процестер (XX- XI ғ.ғ.)» тақырыптағы секциялары жұмыс істеді.