ТДМ 4. «Қазақстан халқының тіл апталығы» шеңберінде болған ашық кураторлық сағат

12 қыркүйек, 2023

Компьютерлік  ғылымдар тобының 1 курс студенттерімен  «Қазақстан халқының тіл апталығы» аясында азаматтық-патриоттық тәрбие беру аясында жоба бойынша ашық кураторлық сағат өткізілді.

Ашық сағаттың басты мақсаты Студенттердің ана тілін құрметтеуге, ұлттық тіл ретінде бағалауға, оны туған Отанында аға тіл дәрежесіне көтеретіндей қызмет жасауға үйрету; Жас ұрпақты ана тілінің қадір – қасиетін түсіне білуге шақыру. Олардың халқына деген сүйіспеншілігін, тіліне деген құрметін арттыру; Ана тілін терең меңгеруге құштарлықтарын ояту, ана тілінің кең қанат жаюына үлес қосуға, мақтан тұтуға тәрбиелеу болды.

         Куратрлық сағат әл-Фараби атындағы кітапханада өтті. Ол жерде студенттер өз ойларымен ғана бөлісіп қоймай, кітапханашылар Тіліміз туралы Ақын-жазушылардың тіл туралы пікірлерін оқып, таныстырып, кішігірім ой бөлісу де болды.

         Сонымен қатар ана тіліміз туралы мемлекетте жасалып жатқан жұмыстар туралы да баяндама жасалынды.

"Тілдердің үштұғырлығы" жобасында: "Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын және пайдалануы тиіс жоғары білімді ел ретінде қабылдануы тиіс. Бұл-қазақ тілі-халқымыздың мемлекеттік тілі, Орыс тілі-ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі-еліміздің жаһандық даму экономикасындағы табысты интеграция тілі". ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев.