Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жалпы университеттік сенбілік өтті. Университет аумағын абаттандыру жұмыстарына ҚазҰУ басшылығы, 16 факультеттің студенттері мен оқытушылары және ЖОО қызметкерлері қатысты.
Дәстүрлі сенбілік ҚазҰУ қалашығында тәртіп пен тазалықты сақтауға бағытталған. Сенбілік барысында университет аумағы жапырақтардан, қоқыстан тазартылды.
Сенбілікке қатысушы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технологиялар факультетінің 3 курс студенті Мәншүк Орысбаева «Сенбілік – бұл кампус аумағын ретке келтіріп қана қоймай, студенттерді, оқытушылар мен қызметкерлерді жақындастырады. Барлығы бірге жұмыс істейді, араласады және сабақтан тыс уақытта бірге уақыт өткізеді, командалық рухтың пайда болуына ықпал етеді және университет қауымдастығының бір бөлшегі екеніңді сезіндіреді», – деген пікірімен бөлісті.
Мұндай игі іс-шаралар білім алушы жастардың университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысуын ынталандырады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі