Орнықты даму мүддесіндегі әріптестік
6 қазан, 2023
2023 жылдың 6 қазан күні Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы 17 ТДМ (17 Тұрақты даму мақсаттары) «Орнықты даму мүддесіндегі әріптестік» тақырыбында заң факультетінің з курс студенттерінің арасында онлайн конференциясын өткізді. Конференцияның мақсаты: Даму құралдарын нығайту және дамуды тұрақты дамыту мүддесінде жаһандық әріптестік шеңберінде жұмысты жандандыру.
Конференция модераторлары: кафедра меңгерушісі, з.ғ. д., профессор Қуаналиева Гүлдана Амангелдиевна, з.ғ.к., доцент Жугралина Бахыт Мапашқызы; Phd докторы, доцент Ережепқызы Роза. Конференция спикерлері: «Қаржы құқығы» мамандығының 2 курс магистранттары: Елемес Мадина, Темірғалиева Гаухар, Жаныс Альбина, Әбілдаева Дамиля болды.