Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы ESCAS 2023 панелінің отырысы

24 қыркүйек, 2023

ТДМ.4 Сапалы білім беру

2023 жылдың 21-24 қыркүйек аралығында Алматыда, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби кітапханасында Еуропалық Орталық Азия зерттеулер қоғамы (ESCAS)  «Үздіксіз дамудағы Орталық Азиядағы билік, адамдар және мәдени өзгерістер» тақырыбында 18-ші аймақтық конференциясы өтті. Конференцияға Орталық Азия, Еуропа, Канада және АҚШ елдерінен шетелдік ғалымдар мен эксперттер қатысты.

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің базасында ESCAS панелінің отырысын ұйымдастыру мен өткізуге Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы қатысты.

50 панельдік сессияны қамтитын аймақтық конференция барысында ғалымдар Орталық Азиядағы билік пен мәдениет, саяси, әлеуметтік және мәдени даму бағыттары бойынша өзекті мәселелер мен трансформацияларды талқылап,  ғылыми баяндамалар жасады. Тарих факультетінің ESCAS отырысының панелін ұйымдастырушылары: Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының т.ғ.д., профессоры Г.С. Сұлтанғалиева, халықаралық қатынастар бойынша деканның орынбасары А.Т. Суйнова, Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедраның меңгерушісінің халықаралық қатынастар бойынша  орынбасары Дюсембек Ж.