2022-2024 жылдарға арналған «Жас Ғалым» жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру ғылыми жобасы

28 қыркүйек, 2023

 

2022-2024 жылдарға арналған «Жас Ғалым» жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру ғылыми жобасы аясындағы АP13268961 «Қазіргі Қазақстандағы табыстарды бөлудегі теңсіздікке экономикалық өсу сапасының әсері» атты ғылыми зерттеудің жетекшісі Темербулатова Ж.С. Зерттеу жобасы тұрақты дамудың 10-мақсаты «Елдер ішіндегі және арасындағы теңсіздіктерді азайту» шеңберінде жүзеге асырылады, ол елдер ішіндегі және арасындағы әртүрлі халық топтары арасындағы табыс теңсіздігін, әлеуметтік теңсіздікті және ресурстарға қол жеткізудегі теңсіздікті азайтуға бағытталған. Көптеген елдерде халық арасында табыс пен ресурстардың тең бөлінбеуі қазіргі заманның айқындаушы мәселесі болып табылады. Дамыған елдерде де, дамушы елдерде де байлар мен кедейлер арасындағы табыс теңсіздігі жоғары және өсуде. Зерттеу сапалы экономикалық өсу негізінде өңірлер бойынша елдегі теңсіздікті азайту бойынша ұсыныстар мен нақты шараларды әзірлеуге бағытталған.