«Эрасмус Мундуспен Еуропада білім алу»

25 қыркүйек, 2023

Аякөз Мейрамбек нағыз бағдаршы ретінде Эразмус Мундус шәкіртақысын алу және еуропалық білім беру тәжірибесін меңгеру құпияларымен бөлісті. ЭжБЖМ студенттері барлық сұрақтарына осы жерден жауап алды!

Бұл іс-шара БҰҰ-ның №4 Тұрақты даму мақсаты: Сапалы білім берудің мәнін тамаша көрсетеді. ЭжБЖМ студенттеріне Еуропада білім берудегі жетістіктерге жету мүмкіндігін бере отырып, біз әркім сапалы білімге қол жеткізе алатын әлемге үлес қосамыз.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: «Экономика» кафедрасы, аға оқытушы Шыңғыс Нұрғазы, «Цифрлық экономика» және «Экономика» 2 курс студенттері.