8 қыркүйек – Халықаралық сауаттандыру күні

11 қыркүйек, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басымдықтары мен міндеттері Тұрақты даму мақсаттарының бағдарларына толық сәйкес келеді, соның ішінде 4-мақсат сапалы білім беруді және өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыруды қамтамасыз ету болып табылады. 1966 жылдан бастап Халықаралық сауаттандыру күні 8 қыркүйекте атап өтіледі. Осы атаулы күнге орай Экономика мамандығының 1 курс қазақ тобының студенттері көшеде өтіп жатқан жастармен сұхбаттасып, бүгінгі атаулы күнмен таныстырып, тілге, математикаға, географияға және т.б. ғылымдарға қатысты сұрақтарға жауап алды.   

Топ кураторы Андабаева Г.К.