Мотивациялық лекция

9 қыркүйек, 2023

Білім күніне арналған бағдар апталығы аясында «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы, «Қазақстан Республикасының үздік жас педагогы-2022» және «ТМД-ның үздік жас ғалымы-2022» беделді сыйлықтарының лауреаты Нұрғазы Шыңғыс Экономика және Бизнес Жоғары Мектебінің 1 курс студенттеріне мотивациялық дәріс өткізді. Бұл тұрақты даму мақсаттарын орындаудағы керемет әріптестіктің қалыптасуын сипаттайды. 

Шыңғыстың мотивациялық лекциясында біз студент кезіңнен бастап жетістікке жету жолын білдік. Ол өзінің Цифрлық экономика кураторлық тобының жетістіктері жайында және өмірі мен тәжірибесінен шабыттандыратын оқиғалармен бөлісті.

Студенттер арасындағы «ХО» іскерлік ойыны ерекше қызықты сәт болды, онда Нұрғазы Шыңғыс стратегиялық ойлау мен топтық жұмыстың маңыздылығын көрсетті.

Дәріс соңында Шыңғыс студенттердің барлық сұрақтарына жауап беріп, өз тәжірибесімен бөлісіп, жеке және кәсіби мақсаттарға жету жолындағы даналық кеңестерін берді.

Нұрғазы Шыңғысқа біздің оқу қауымдастығына әкелген шабыт пен мотивация үшін рахмет! Мұндай көшбасшылық дәрістер жас студенттерге өз мақсаттарын және оған жету жолдарын анық көруге көмектеседі деп білеміз.