Жалпы университеттік сенбілік

9 қазан, 2023

2023 жылдың 7 қазанында «Экономика» кафедрасының оқытушылары Андабаева Г.К., Тураров Д.Р., Кондыбаева С.К., Ережепова А.А., Есенғазиева С.К., Жоламанов Е.М. SDG ТДМ 6 – Таза су және санитария мақсатын насихаттау аясында университет қалашығында 1-2 курс студенттерімен сенбілік өткіздік. Мақсаты: Қалдықтар мәселесіне қоғамның назарын аудару, қалалар мен елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсартуға ықпал ету және қоғамның табиғатпен үйлесімді өмір сүру мәдениетін қалыптастыру.