Сапалы білім беру – тұрақты даму мақсаттарының бірі

9 қыркүйек, 2023

Жаһандану жағдайында жоғары оқу орындары заманның талабына сай инновациялық идеялар мен интеллектуалды ойларды қалыптастыратын жаңа буын мамандарын дайындауда. Бұл тұрғыда біздің университеттің атқарып жатқан міндеттері өте зор. 4 ТДМ - Сапалы білім алу – адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мен тұрақты дамудың ең маңызды шарттарының бірі болып табылады. Бүгін 6В04103-Экономика және 6В04109-Цифрлық экономика ББ таңдаған білімге құштар студенттерді «Экономика» кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамы қарсы алды. Аға куратор Д.Р.Тураров жәнетағайындалған топ кураторлары Г.К.Андабаева, Е.М.Жоламанов студенттерді факультетпен, спорт кешенімен, әл-Фараби кітапханасы және «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығымен таныстырды.  

Топ кураторы Андабаева Г.К.