Университетте «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әйелдер одағы» жұмыс істейді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 90-жылдары академик, филология ғылымдарының докторы, профессор М. М. Бағызбаеваның бастамасымен құрылған «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әйелдер одағы» қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді.
Бүгінде бұл ұйымды филология факультетінің деканы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, ғылым докторы, профессор Баян Жолдасбекова басқарады. Әл-Фараби атындағы «ҚазҰУ әйелдер одағының» мақсаты – әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, университеттің қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өміріндегі әйелдердің рөлін нығайтуға ықпал ету.
Қазіргі қоғамдағы әйел екі маңызды рөл атқарады –оның бірі отбасының тірегі ана мен әйел. Екіншісі, кез-келген салада үлкен жетістіктерге қолжеткізген, көшбасшылық лауазымдарға ие іскер әйел. ХХІ ғасырдағы әйел өзінің бақыты үшін өмірінің негізгі салаларын, атап айтқанда, отбасы мен жұмысын үйлесімді түрде сабақтастыра білуі керектігін түсінеді әрі өмірде өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әйелдерінің Одағы түрлі ақыл-кеңес беріп, әдістемелік көмек көрсетеді. Осыған орай туындаған сұрақтарыңыз бен хаттарды мына электронды поштаға жолдауыңызға болады: Womenkaznu@gmail.com