Қазақ жазушысы Сәбит Мұқановтың мұражайына экскурсия

9 қазан, 2023

2023 жылдың 9 қазаны Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің әдебиеттану мамандығының 3-курс студенттері қазақтың көрнекті қаламгері Сәбит Мұқановтың мұражай-үйіне барып, көріп қайтты. Мұражайдың әдеби бөлігіне жазушының шығармашылығы жөнінде сыр шертетін экспонаттар қойылған. Ал мемориалды бөлігінде жазушының тұтынған жеке заттары, ол кісінің бірегей дарыны мен орасан еңбегін қадірлеген замандас достарының сыйлаған түрлі бұйымдары тұр. Мұражай қабырғаларындағы Сәбең туралы белгілі тұлғалардың айтқан пікірлері, жылы лебіздері сізді жазушының әлеміне тереңірек бойлатып, тұлғасын айшықтай түседі. Экскурсия соңында мұражай қызметкерлері бізге мұражаймен жалғасып жатқан Мұқановтың кезінде тұрған пәтерін көрсетті. Әдебиеттанушылар бүгінгі шарадан көптеген танымдық дүниелерге қанығып қайтты.